Трамп Гренландияның АҚШ-қа тиесілі болатынына толық сенімді

Сырым Қаржас

Ақ үй қожайыны Дональд Трамп Гренландияның АҚШ құрамына енетініне толық сенімді екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол NBC News телеарнасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Patrick Pleul/DPA/TASS

ТОЛЫҒЫРАҚ

Трамп бұл мәселені әскери күш қолданбай-ақ шешуге зор мүмкіндік бар екенін атап өтті.

Біз Гренландияны аламыз. Иә, 100 пайыз, - деді АҚШ президенті.

Естеріңізде болса, 28 наурызда АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс жұбайымен бірге Гренландиядағы Питуффик әскери базасына барды. Сапар барысында ол Вашингтонның жоспарында аралда қандай да бір әскери іс-қимыл жүргізу немесе күш қолдану жоқ екенін айтқан.

Трамп бұған дейін Гренландияны АҚШ-қа қосу ниетін бұл «ұлттық және тіпті халықаралық қауіпсіздік үшін», «бүкіл әлемнің қауіпсіздігі үшін» қажет деп түсіндірген.