«Қаламқас» мұнайшыларының бір бөлігі жұмысына оралды

Ulysmedia

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік процестер тоқтамағынан жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

Еске сала кетсек бұған дейін Ақтаудағы орталық алаңға шыққан халықты қолдау үшін Қаламқас кен орнындағы жұмысшылар жұмысын тастап, 300 шақырым жердегі Маңғыстау облысының орталығына жаяу шығып кеткені хабарланған болатын. Оларды Ақтауға жеткізу үшін осы қаладан көліктер шыққаны да айтылған.

Ulysmedia.kz порталы осы мәселенің мәнісін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-тан сұрап көрген.

«14 қаңтар күні Қаламқас кен орнындағы «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасы мен сервистік және мердігер мекемелерге қарасты бір топ қызметкер кезекті жұмыс ауысымына шыққан жоқ. Қалыптасқан жағдайды реттеу үшін өндірістік басқарма басшылары мұнайшылармен кездесу өткізді. Кездесуден соң қызметкерлердің бір бөлігі қызметтік міндеттеріне оралды. Қазіргі кезде Қаламқас кенорнындағы өндірістік жұмыстар тоқтамай, жалғасып жатыр», - деп жауап берді компаниядан.