Күн +24°C дейін жылынады: бүгін ауа райы өңірлерде қандай болады

Сырым Қаржас

"Қазгидромет" 31 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

фото: culture.ru

Астанада күн бұлтты, кешке қарай жаңбыр жауады. Жел түнде 2-7 м/с, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +10...+12°C.

Алматыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.

Шымкентте күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +19…+21°C.

Ақтауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл күтіледі. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с. Ауа температурасы түнде +12…+14°C, күндіз +22…+24°C.

Ақтөбеде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +15…+17°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз, шаңды дауыл болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-18 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C.

Жезқазғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде 0...-2°C, күндіз +10...+12°C.

Қарағандыда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 4-9 м/с. Ауа температурасы түнде -1...-3°C, күндіз +16...+18°C.

Көкшетауда күн бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 7-12 м/с, күндіз екпіні 15 м/с. Ауа температурасы түнде -1…+1°C, күндіз +9…+11°C.

Қонаевта күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +15…+17°C.

Қостанайда ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +10…+12°C.

Қызылордада күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 6-11 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +17…+19°C.

Павлодарда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде -3...-5°C, күндіз +13…+15°C.

Петропавлда ауа райы бұлтты, жаңбыр жауады. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде 0…-2°C, күндіз +8…+10°C.

Семейде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°C, күндіз +12…+14°C.

Талдықорғанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°C, күндіз +16…+18°C.

Таразда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +1...+3°C, күндіз +16…+18°C.

Түркістанда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Ауа температурасы түнде +3...+5°C, күндіз +20...+22°C.

Оралда күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +5...+7°C, күндіз +16…+18°C.

Өскеменде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 1-6 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°C, күндіз +10…+12°C.