Елдегі ереуілдерден кейін Тоқаев үкімет мүшелерімен кеңес өткізбек

Ulysmedia

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Фото: Ашық дереккөзден

«Ертең, 5 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелерінің, Президент Әкімшілігі қызметкерлерінің және басқа да жауапты органдар өкілдерінің қатысумен еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға қатысты кеңес өткізеді», - деп жазды Берік Уәли.

Айта кетсек Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап газ бағасы 120 теңгеге дейін көтерілді. Қала тұрғындары газ бағасын 50-60 теңгеге дейін төмендетуді талап етіп, түні бойы алаңда болды. Жиналғандардың алдына облыс әкімі Нұрлан Ноғаев шыққанымен, халықты тарата алмады.

Ал маңғыстаулықтардың ереуіліне басқа облыстар да қосыла бастады.