Мектепте жаңа лауазым пайда болады

Сырым Қаржас

Елдің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ulysmedia.kz коллажы

ЖАҢА МАМАННЫҢ МИССИЯСЫ

Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған.

МІНДЕТТЕРІ ҚАНДАЙ

  • Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Министрлік жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді деп есептейді.