Мешіт жарылып, үш адам қаза тапты

Ілияс Бақыт

Өзбекстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Андижан облысы, Избасқан ауданында орналасқан мешітте жарылыс орын алып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ашық дереккөзден

ЖАРЫЛЫСТЫҢ СЕБЕБІ

Жарылыс намаз уақытында газ-ауа қоспасының тұтануы салдарынан болған. Жарылыс нәтижесінде дәрет алу бөлмесі құлап түсті. Қазіргі уақытта оқиға орнында құтқарушылар үйінділерді аршып жатыр.

ЗАРДАП ШЕККЕНДЕР МЕН ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі алты адамның жарақат алғаны туралы хабарлаған болатын. Алайда кейінірек үш адамның қаза тапқаны және он адамның жарақат алып, ауруханаға жеткізілгені белгілі болды.

ТЕРГЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Жарылыс фактісі бойынша тергеу амалдары басталды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.