Адвокат Жангелді Сүлейманов Атырауда арабша жазуы бар ту ұстап, суретке түскен қыздардың үкіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
АДВОКАТ НЕ ДЕДІ
- Бұл қыздарға жұрт не тілемеді? Түрмеге өмір бойына тоғытылсын, Қазақстаннан қуылсын, экстремистер, джихад деді. Олар заң бұзбаса да жазалау керегі айтылды. Бұл барып тұрған фашизм. Мұны айтқан адамдардың билікте отырмағаны қандай жақсы. Адамдар өте қатал, жағдайдың байыбына бармай датып, қандай сауатсыз екенін көрсетті. Мыстандарды өртеп жүрген ортағасырлық түсінік әлі бар, дейді Дангелді Сүлейменов.
БҰҒАН ДЕЙІН
Қазақстанның Мемлекеттік туының жоғарғы жағында арабша жазу жазылып, қылыштың бейнесі бар фото желіде тараған. Қыздардың бет-жүзін тұмшалағаны әрі туды бұрмағаландары көпшіліктің ашуын туғызған.
ҚАНДАЙ ҮКІМ ШЫҚТЫ
Күні кеше, 31 наурызда Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында суретте қыздарға қатысты үкім шыққан болатын. Суреттегі Н.-ға қатысты ауырлататын мән-жайлар ескерілді — кәмелетке толмағанды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту және топ болып құқық бұзушылық жасау. Осыған байланысты ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Суреттегі тағы бір қыз А.-ға 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар, кәмелетке толмаған Х.-ның заңды өкіліне 39 320 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
Сот әзір үкімі күшіне енген жоқ.