Балаларды мектепке қабылдауға өтініш беретін күні еgov.kz порталы істемей қалды

Сырым Қаржас

Бүгін, яғни 1 сәуірде балаларды мектепке қабылдауға өтініш беретін күні egov.kz порталы істемей қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

Портал қазір қолжетімсіз, біз оны қалпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізудеміз. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз! – делінген порталдың хабарламасында.

Бүгін мектепке қабылдауға өтініш беретін күн. Бірінші сыныпқа құжат қабылдау 2024 жылғы 1 сәуірден 31 тамызға дейін жүргізіледі. Ата-аналар балаларының құжаттарын электрондық үкіметтің egov.kz веб-порталы арқылы тапсыра алады. Ал лицейлер мен гимназияларға балалар емтихансыз қабылданады.

Сонымен қатар мектептен мектепке тек каникул кезінде ғана ауысуға рұқсат етілетін шектеу алынып тасталған. Енді жаңа ережелерге сәйкес, балалар оқу жылында тұрғылықты жері бойынша мектеп ауыстыру мүмкіндігіне ие болды.