Шарындағы ерекше компания фотоға түсіп қалды

Сымбат Сатыбалдина

Шарын мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағына орнатылған фототұзаққа жабайы шошқалардың және үйректер түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видео кадры

Парк қызметкерлерінің сөзінше, жабайы шошқалардың және үйректердің бірге тіркелуі — бұл табиғи ортаның және жануарлардың түрлік алуан түрлілігінің маңызды көрсеткіші.

ЖАБАЙЫ ШОШҚА

Жабайы шошқа, доңыз (Sus scrofa L.) - ірі, дене тұрқы 130-175 кг, биіктігі 100 см, салмағы 60-100кг, кейбірі 275 кг дейін жететін жануар. Денесі мығым, аяқтары қысқа, басы, құлақтары үлкен, көзі кішкентай және тұмсығы етті, ұшында талпақ танауы орналасқан тұяқты жануар.

Өзен-көл жағалауларындағы ну қамыстар мен тоғайларда, су көздерінен алыс емес тауларда теңіз деңгейінен 3 мың биіктікке дейін тіршілік етеді. Көктем мен жазда, негізінен ымырт жануарлары, ал қыста тәулік бойы белсенді болады.

ҮЙРЕКТЕР

Үйректер — суда жақсы жүзетін, жерге қонып, ұшатын құстар. Олар әдетте өзендерде, көлдерде және басқа да су көздерінде өмір сүреді. Үйректердің денесі қысқа әрі майысқан, аяқтары суға бейімделген, ал тұмсықтары жалпақ әрі жұмсақ болады.

Фототұзақтар жануарлардың мінез-құлқын, таралуын және экологиялық өзгерістерді бақылауға мүмкіндік береді.