Қазақстанда мұғалімдер мен директорлардың рейтингі жүргізіледі: ол не үшін керек

Сырым Қаржас

Оқу-ағарту министрлігі білім беру ұйымдарының педагогтері мен басшыларының қызмет тиімділігін бағалауға арналған рейтингі жүргізіле бастайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ашық дереккөзден

ОЛ НЕ ҮШІН КЕРЕК

Платформаны дамыту аясында өңірлік деңгейде педагог кадрларына деген қажеттілікті талдау және болжау үшін жасанды интеллект алгоритмдерін енгізу көзделіп отыр. Ашық әрі айқын критерийлер негізінде үздік педагогтердің реестрі қалыптастырылады. Бұл олардың тәжірибесін кеңінен таратуға мүмкіндік береді. Осылайша, платформа педагогтердің сандық және сапалық құрамын цифрлық түрде мониториң жүргізуге, біліктілік санаттарын беру рәсімін қатаң бақылауға, сондай-ақ педагогтердің мансаптық өсімінің ашықтығын қамтамасыз етуге жол ашады.

ЖАҢА ЛАУАЗЫМ

Бұған дейін елдің орта білім беру ұйымдарында педагог-кәсіптік бағдар беруші лауазымы ресми түрде бекітілгені хабарланған болатын. Бұл бастама оқушыларға мамандық таңдауда ерте бағыт-бағдар беруге, сондай-ақ оқушылар, ата-аналар, педагогтер, колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы өзара байланыс пен ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға бағытталған. 

МІНДЕТТЕРІ ҚАНДАЙ

  • Педагог-кәсіптік бағдар берушінің негізгі міндеттері:
  • Оқушыларға мамандық пен білім бағытын таңдауда қолдау көрсету;
  • Жеке және топтық кәсіби кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
  • Кәсіптік бағдар беруге арналған іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Жұмыспен қамту орталықтарымен, колледждермен және кәсіпорындармен байланыс орнату;
  • Оқушыларға еңбек нарығындағы сұранысқа ие мамандықтар мен заманауи үрдістер туралы ақпарат беру.

Министрлік жаңа лауазымның енгізілуі оқушылардың сана­лы әрі дұрыс кәсіптік таңдау жасауына көмектеседі, жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, еңбекке бейім, білікті және бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуге ықпал етеді деп есептейді.