Дизайнер Аида Кауменова Жанар Байсемізге берген сұхбатында жан сырын ақтарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“ӘКЕСІНЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАН ЖОҚПЫН...”
Белгілі дизайнер Аида Кауменова осы сұхбатты бұрын еш жерде айтылмаған құпиясын ашты.
“Мен 27 жаста болғанмын. Әкесіне тұрмысқа шыққан жоқпын.
-Қазақша айтқанда некеңіз қиылған жоқ, аяғыңыз ауыр болып қалды?
-Иә!”- дейді Кауменова.
“КӨП АДАМДАР ӨСЕКТЕДІ...”
Дизайнердің сөзінше ерке өскен қызға бұл жаңалықты қабылдау оңай болмаған.
“Мен ауылымда қандай керемет, ерке болып өстім. Сондай болып қалған кезде мен ойлаймын көп адамдар сөкті, өсектеді. Менің папам мен мамам шок болған. Сол уақытта ойбай не болды деп ойлайтынбыз”- деді дизайнер.
Бірақ сол уақытта қиналса да Кауменова қазір оны күліп еске алады.
“Өте сондай қиындау заман болды. Мен үшін де, ата-анам үшін де. Бірақ білмеймін өзім сондай шешім қабылдадым. Мына баланы қалдырамын дедім. Құдайдың маған берген баласы дедім. Қазақстанда бүлдіріп қойып, Италияға кеттім. Италияда оқып жүргенде білдім”- деді ол.
Ал баланың әкесі болса жауапкершілік алуға дайын болмаған.
“Басы бос болды. Үйленуге дайын болмады. Тағдырда солай. Осылай болуы керек болған шығар. Қазір мен түсініп отырмын. Құдай берген бір балам бар деп”- дейді Кауменова.
АИДА КАУМЕНОВА
Аида Кауменова — танымал қазақстандық дизайнер, Aida KaumeNOVA сән үйінің негізін қалаушы. Ол Талдықорғанда дүниеге келген және Алматылық технологиялық университетте білім алған, сонымен қатар Италияда оқыған. Оның бренді ұлттық өрнекті заманауи сән үлгілерімен үйлестіріп, prêt-à-porter de luxe стилінде киімдер әзірлейді.Кауменова негізінен барқыт материалынан жасалған сәнді киімдерімен және іскерлік стильдегі топтамаларымен танымал. Оның жұмыстары Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа елдерінде де жоғары бағаланады.