Ұлытауда 14 мың киікті өртеп жіберді: не үшін

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Ұлытау облысында сайғақтардың жаппай қырылуынан кейінгі салдарды жою жұмыстары белсенді түрде жалғасып жатыр. Кенгір су қоймасының маңынан шамамен 14 мың өлі жануардың денесі жиналып, жойылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ІРІ ОПЕРАЦИЯҒА 145 АДАМ МЕН 67 ТЕХНИКА ТАРТЫЛДЫ

Тазарту жұмыстары қысқа мерзім ішінде жүргізілген. Оған төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, арнайы техника және жергілікті тұрғындар тартылған. Барлығы 145 адам мен 67 техника жұмылдырылған.

ПРОКУРАТУРА БАҚЫЛАУЫНДА

Ұлытау облысының прокуратурасы мәлімдегендей, тазарту операциясы толық бақылауда. Тиісті мекемелер мен арнайы қызметтер жануарлардың қалдықтарын жоюмен айналысуда, ал тұрғындар өз еркімен көмек көрсетіп жатыр.

ИНФЕКЦИЯ ҚАУПІ – НАҚТЫ НАЗАРДА

Киіктердің жаппай қырылу себептері әзірге толық анықталмаған. Алайда мамандар ең басты назарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіптердің алдын алуға және апат салдарын шұғыл жоюға бағыттап отыр. Оқиға орнында экологтар, ветеринарлар мен ТЖ мамандары жұмыс істеуде.