Азық-түлік бағасы аспандап барады

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

2025 жылдың 1-8 сәуірі аралығында елімізде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 0,2%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

НЕГІЗГІ СЕБЕП — КӨКТЕМГІ МАУСЫМДЫҚ ҚЫМБАТТАУ

Бағаның артуына басты себеп — көктемгі маусымдық қымбаттау. Әсіресе келесі көкөністердің бағасы шарықтаған:

  • қырыққабат — +6,8%

  • сәбіз және пияз — +2,7%

  • картоп — +1,6%

БАСҚА ТАУАРЛАРДЫҢ БАҒАСЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

  • қант — +0,7%

  • күнбағыс майы мен сиыр еті — +0,2%

  • тауық еті — +0,1%

Ал, кейбір тауарлар арзандады:

  • сүт — -0,5%

  • ұн мен айран — -0,4%

  • күріш, қарақұмық және жұмыртқа — -0,3%

  • сары май мен рожки — -0,2%

ИМПОРТ АРҚЫЛЫ БАҒАНЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ

Сауда министрлігі қазіргі көкөніс бағасының өсуі уақытша екенін мәлімдеді. Нарықты тұрақтандыру үшін келесі шаралар қолға алынды:

  • Қытай мен Пәкістаннан 15 МЫҢ ТОННА картоп әкелінді

  • Өзбекстаннан 3 МЫҢ ТОННА қырыққабат жеткізілді

20 сәуірден бастап Түркістан облысынан ерте пісетін қырыққабат және оңтүстік өңірлер мен көршілес елдерден басқа көкөністер келуі тиіс.

ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАР МЕН АЙЫППҰЛДАР

Сауда комитеті әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15%-дық шекті үстеме бағалаудың сақталуын бақылауды жалғастыруда. 2025 жылдың І тоқсанында:

  • 1332 әкімшілік іс қозғалды

  • 183 жағдай бойынша 11,1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕДЕН АСТАМ АЙЫППҰЛ салынды

  • 1149 жағдай ескерту берумен аяқталды

Шекті үстеме бағадан асып кету бойынша 1207 заңбұзушылық анықталды — бұл өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда 2,4 есе артық.