Мәскеу полициясына қырғыз мигранттарын моншада 5 сағат бойы ұрып-соқты деп айып тағылды

Сырым Қаржас
Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде Мәскеудегі монша кешендерінің бірінде қырғызстандық мигранттарға жасалған қорлық туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz azattyk.org-ке сілтеме жасап. ""

МӘН-ЖАЙ

Желіде бейнежазба камерасына түсіп қалған кадрлар тарады. Онда құқық қорғау органдары қызметкерлері азиялық ер адамдарға күш көрсетіп, айғайлап жатқанын көруге болады. Моншаның ішінде болған мигранттардың бірі журналистерге оқиғаның шынымен болғанын растап, жағдайдың барлық егжей-тегжейін айтып берді.

ҰРЫП-СОҒЫП, МАЗАҚ ЕТКЕН

Мәскеуде бір айдан астам уақыт такси жүргізушісі болып жұмыс істеп жүрген Әлихан 10 сәуір кешке ағасымен және немере ағасымен бірге моншаға барған. Шамамен жарты сағаттан кейін олар әлдекімдердің есікті қалай сындырып жатқанын естіген және дүрбелең басталған.

– Адамдар үрейленіп, қашуға тырысты. Біз де қашуға тырыстық, бірақ ешкімнің шығуына мүмкіндік бермеді. Кейін бәрін ұра бастады. Кім ұрып жатқаны түсініксіз — басыңды көтеруге де мүмкіндік жоқ. Олардың қолдарында таяқшалар мен электр шокерлер болды. Барлығын асүйге жинады. Күші бар деген еркектерді бөлді, ал әлсіз не арық көрінгендерді бір бөлмеге қалдырды. Сақалы бар адамдарды жеке алып кетті. Бір ер адамның мұртының жартысын сол жерде қырып тастады. Ол қарсылық көрсеткенде, бетінен ұрды. Біз не үшін ұрып жатқанын түсінбедік — ешкім құжаттарды сұраған жоқ. Бір адам орнынан тұрып, себебін сұрады, оған "Бізге тек сендер ұнамай тұрсыңдар" деп жауап берді, — деді ол.
 

Әлиханның айтуынша, ұрып-соғу шамамен бес сағатқа созылып, полицейлер түрлі қорлық көрсеткен.

— Бір еркектің қалтасынан насыбай салынған бөтелкені тауып алды. Кейін оны бәріне жеуге мәжбүрледі. Кейбіреулерді қол күрестіріп, ал жеңілгендерді ұрып-соғып жатты. Кейбір адамдардың құжаттарын жыртты. Енді біреулерді киіммен бассейнге секіруге мәжбүрледі. Кейбіреулерінің қалтасынан ақшасын алды. Бір ер адамды шамамен жарты келі ащы бұрыш жегізді, — деді Әлихан.

Оның сөзінше, тек бес сағаттан кейін оқиға орнына полицияның аға қызметкерлері келген. Олар жағдайды тексеріп жатқан кезде зорлық-зомбылық тоқтаған. Әлиханның айтуынша, сол кезде моншада шамамен Қырғызстанның 60 азаматы болған. Кейін оларды әртүрлі учаскеге апарған. Әлиханды бір-екі сағаттан кейін босатып, ал оның ағасы Байназар не үшін екенін білмесе де, айыппұл төлеуге мәжбүр болған.

БИЛІКТІҢ РЕАКЦИЯСЫ

Жогорку Кенеш депутаты Жанарбек Ақаев Қырғызстан Мәскеудегі моншада болған оқиғаға назар аударуы керек екенін айтты.

– Біз ЕАЭО мүшесі, одақтастарымыз, стратегиялық әріптестерімізбіз — сонда неге біз жүздеген отандастарымызды ұрып-соғуға рұқсат беріп, үнсіз отырамыз? Шұғыл түрде шаралар қабылдау қажет! Ресейдің құқық қорғау органдары кінәлілерді жауапкершілікке тартып, халқымызға ресми ақпарат беруге тиіс! Өтемақы төленіп, барлық залал өтеліп, кінәлілер кешірім сұрауы керек! – деді ол.  

Қырғызстанның сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, елшілік аталған азаматтармен байланыс шыққан және қазіргі уақытта қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіліп жатыр. Зорлық-зомбылық туралы ақпарат тексеріліп жатыр, бұл мәселе СІМ бақылауында.