«Отбасым жайлы енді ешкім айтпасын»: Сейфуллин Жолбарыстың шындығы

Ілияс Бақыт
Әлеуметтік желіден

Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты алып-қашпа әңгімелерге жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстандық танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты тараған қауесеттерге тоқтам салды. Бұған дейін желіде әншінің жұбайы Екатерина Вайтпен айырылысып кеткені туралы түрлі мәліметтер тараған болатын. Алайда өнер иесі бұл ақпаратты жоққа шығарып, «Біз ешқашан ажырасқан емеспіз» деп нақты айтты.

Желіде Екатерина Вайттың Сейфуллинмен бірге түскен фотосуретін жариялап, астына «мінсіз адам жоқ» деп жазуы көпшіліктің назарын аударған еді. Осыдан соң тыңдармандар арасында «жұп қайта табысты ма?» деген сұрақтар туындады.

Айта кетейік, бұған дейін берген сұхбатында Екатерина күйеуінің опасыздығын сөз еткен болатын. Алайда бұл сөздерді Сейфуллин Жолбарыс жоққа шығарып, өз отбасына қатысты алып-қашпа әңгімелерге нүкте қоюды сұрады.

«Менің жеке өміріме қатысты ешкім бас ауыртпасын. Біз ажыраспадық», — деп мәлімдеді әнші.

ДЖЕННИФЕР ЛОПЕС ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

Америкалық поп-дива Дженнифер Лопес Қазақстанды өзінің әлемдік Up All Night турнесіне қосқан.

Концерт 2025 жылдың 1 тамызында Astana Arena стадионында өтеді. Бұл – Лопестің Қазақстандағы алғашқы өнер көрсетуі.

Тур әлемнің 15-ке жуық қаласын қамтиды, олардың арасында Анталья, Ыстамбұл, Мадрид, Барселона, Будапешт және Варшава бар. Қазақстан – Орталық Азиядағы осы гастрольдік сапарға қосылған аз ғана елдің бірі, бұл шара жергілікті жанкүйерлер үшін ерекше мәнге ие.

Шамамен 15 мың шетелдік турист концертке келмек. Ал экономикалық әсері 6,5 миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін