Астанадағы LRT іске қосылса жол ақысы қанша болмақ

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT жол ақысы туралы алдын ала мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

– LRT бойынша жобалық жолақы 100-200 теңге аралығында белгіленген. Әзірге осы шекте қала береміз. Нақты баға әлі бекітілген жоқ, – деді әкім.

LRT ҚАШАН ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

Әкімнің айтуынша, жеңіл рельсті көлік тестілік режимде қыркүйекте іске қосылады. Бұған дейін City Transportation Systems компаниясының төрағасы құрылыс жұмыстары 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталып, іске қосылады деп мәлімдеген еді. Жобаны іске қосу кезеңінде 5 мың адам жұмылдырылады.

ЖОБА ТУРАЛЫ

LRT ұзындығы – 22,4 км

Станция саны – 18

Қызмет көрсететін пойыз саны – 19

Әр құрамның сыйымдылығы – 652 адам

Жол жүру аралығы – 4-5 минут

Күніне 25 мың жолаушы,

Адам көп болатын уақытта – 92 мың адамға дейін жолаушы тасымалданады деп жоспарланған.