«Балаң денсаулығын қойып кетеді» деді: Қаржаубай Нұрымов соттағы жауабы

Аян Өрібай
скриншот

Талдықорғанда өтіп жатқан сотта Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов жауап беріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Шерзат Дарханды ұрғаннан кейін Қаржаубай онымен сөйлесіп, көмегін ұсынған. Одан кешірім сұраған. Бірақ ол «балаң жауап береді, денсаулығын қойып тастайды, балаларды шақырам» деп көнбей қойған.

«Мен оған «шешеден неге боқтайсың, қояйық» дедім. Үйге звандадым. «Нұрқанатты оят, келсін» дедім. Әйеліме Шерзаттың бір жігітті ұрып қойғанын айттым. Нұрқанат та қолынан келгенше жағдайдың бәрін түсіндірді. Нұрқанат та кешірім сұрады. Нұрбол бір жас жігітпен келді. Нұрбол сәл мас екен. Сонымен дүкеннің алдына мен шықтым. Нұрбол «кім, анау-мынау» деді. Балаға ашуланып кетпесін деп, «мен соқтым» деп айттым. «Бізді танымайсыңдар ма? Біз Хутордың жігіттеріміз, анау-мынау» деді. «Дархан жетім бала, оны неге ұрасыңдар?» деді. Ұстап алып, әдейі оны ешкім ұрған жоқ еді. Баламен келіспеушілігі болған. Нұрболға түсіндірген едік, Дарханды баламен бірге алып кетті ғой деймін. Кеткен сияқты еді, бірақ қайтып айналып келді. Мен осындай кісіден ақша түсті, Дархан түбіртек көрсетті, қайтарымын берді деп түсіндірдім», - дейді Қаржаубай Нұрымов.

Осыдан кейін Нұрбол қайта төлем жасап, кассаның жанына өтіп кеткен. Қаржаубаймен дөрекі сөйлеген. Қаржаубай май кесетін пышақ алып шыққанын мойындады.

«Дархан Нұрболға жалған ақпар беріп тұр ғой. Оның айтуынша, «Дархан көшеде сыра ішіп тұрған кезде жас бала келіп, оны ұрып жіберген». Дарханның оның сөзін сөйлеп, келіп тұр. Пышақ алып шықтым да, Дарханға бардым. Оған боқтадым. «Денсаулығын қойып тастайды деген не әңгіме дедім, ол бала емес пе»? дедім. Мені Шерзат пен Нұрқанат ажыратып алды. Жас бала Ысқаққа да түсіндірдім. Оның қылмыс жасарлық іс-әрекеті болған жоқ. Жас бала Нұрболға түсіндірді. «Ағаныкі дұрыс қой» деп қолынан келгенше түсіндірді. Кеткендей болған. Айналып келген кезде Нұрқияс бәрі келді», - дейді ол.

Дүкеннің алдына Хиундай акцент (үш адам түскен) және Мерседес көлігімен адамдар келіп түскен. Сұр түсті тағы бір машина келген.

«Көліктен бірінші Равиль келді. Біз дүкен алдында тұр едік. Нұрбол, Дархан, жас жігіт кеткен кезде Шерзат және Нұрқанатпен сөйлестік. Балама «дүкеннен кетейік» десем, Нұрқанат «бұлар қазір қайтып келеді, біздің үйді біледі, бәрін осы жерде шешіп кетейік» деді. Нұрқанат Нұрболды таниды екен. Шерзатты кеткісі келмесе де, Нұрқанат келген көлікпен қайтарып жібердім», - дейді ол.

Қаржаубай Нұрымов Дидар деген адамға қатысты «төбелестің ішінде болды. Бірақ қандай іс-әрекет жасағанын білмеймін» деді.

«Көліктен үш жігіт түсті. Дидардың жанында үлкендеу бір жігіт бар екен. Нұрқанат екеуі әңгімелесті. Нұрқанат бәрін таниды екен. Нұрқанат біреуінен «разборкаға келдің бе?» деп сұрады, ол «мен шалмын ғой, разборкаға қатыспаймын» деді. Нұрқанат бәрін таниды екен. Сөйтсем, Равиль, Нұрқиястың мен Нұрқанаттың арасында баяғыда кикілжің болыпты. Равильдер «налог» салып, Нұрқанатты талдырып кетіп, ауруханаға түсіп, Нұрқанат олардың үстінен арыз жазбай жігітше шешіп кеткен екен. Дидардың жанындағы жігітпен Нұрқанатпен сөйлесті. Жас балалар да көбейіп кетті. Шерзаттың достары. Мен сол кезде «102»-ге қоңырау шалдым. Ахметті Қытайға шығарып саламыз деп жиналған екен. Отбасымызбен араласамыз. 102-ге бір емес, екі рет қоңырау шалған кезде алған жоқ. 103-ке звандадым. Ол да алмады. Талғар ауданының жедел жәрдем меңгерушісіне қоңырау шалдым. Ол төбелестен кейін ғана алды. Не айтып жатқанымды білмедім ол кезде. Бірақ төбелес болғанынан хабар бердім», - дейді ол.

Мақаланың жалғасы тағы салынады.

ТАЛҒАРДАҒЫ ҚАНДЫ ОҚИҒА

2024 жылы 4 қазан күні Алматы облысында жас жігіттер жабылып, 16 жастағы жасөспірім Шерзат Болатты өлтіргені дүйім жұртты дүр сілкіндірген. Бір топ жігіт жасөспірімді тепкілеп жатқанын маңайдағы тұрғындар видеоға түсіріп алған. Бұзақылар ешкімді аямапты. 12 қазанға қараған түні марқұмның отбасының үйі өртеніп кетті. Шерзаттың туыстары өртті күдікті тараптың әрекетімен байланыстырды.

Ulysmedia.kz тілшісінен көшіргенде гиперсілтеме қою міндетті!