Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанға алыс шет елдерден келген бір турист орта есеппен 1200-1500 АҚШ доллары көлемінде қаржы жұмсайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2024 жылы шетелдік туристер еліміздің аумағында жалпы 2,6 миллиард доллардан астам қаржы қалдырған.
ЕҢ КӨП АҚША ЖҰМСАҒАН ЕЛДЕР
2024 жылы ең жоғары туристік шығындар тіркелген елдер:
Қытай – 307 миллион доллар
Германия – 56 миллион доллар
Түркия – 53 миллион доллар
АҚШ – 47 миллион доллар
Бұл көрсеткіштер Қазақстанның халықаралық туризм саласында сұранысқа ие бағыттардың біріне айналып келе жатқанын айғақтайды.
ҚАЗАҚСТАНДА ТУРИСТЕР ҚАЙДА БАРАДЫ?
Шетелдік туристер Қазақстанда келесі орындарға ерекше қызығушылық танытады:
Алматы – Шымбұлақ тау шаңғы курорты, Көлсай мен Қайыңды көлдері
Астана – Хан Шатыр, Бәйтерек, Ұлттық музей
Шығыс Қазақстан – Марқакөл, Рахман қайнары, Алтай таулары
Түркістан – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені
Маңғыстау – Бозжыра шатқалы, Шерқала тауы, Каспий теңізінің жағалауы
Солтүстік Қазақстан – Бурабай курорты, Зеренді, Айыртау
ТУРИЗМДІ ДАМЫТУҒА НЕ ЫҚПАЛ ЕТУДЕ?
Сарапшылардың айтуынша, визасыз режим, жаңа әуе рейстерінің ашылуы және инфрақұрылымның жақсаруы – туризм ағынының артуына тікелей әсер еткен.