Қазақстанда балаларды қажетсіз және қауіпті контенттен қорғай алатын сим-карталар сынақтан өткізіле бастады. Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің X-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
SIM KIDS ДЕГЕН НЕ?
SIM KIDS атты пилоттық жоба байланыс операторларымен бірлесіп Алматыда іске қосылды.
Бұл – суицидті насихаттау, порнография, есірткі, онлайн-казино және өзге де интернет-қатерлерден қорғайтын арнайы балаларға арналған сим-карта.
Осы сим-картаның көмегімен ата-аналар баласының қандай қосымшаларды пайдаланып жүргенін бақылап, зиянды сайттарға қолжетімділікті шектеп, құрылғы үнсіз режимде болса да, баласына қоңырау шала алады.
Асыловтың сөзінше, жоба ата-аналар арасында үлкен қызығушылық тудырды.
Сынақ кезеңі аяқталғаннан кейін бұл сим-карта баршаға қолжетімді болады.