Ресейлік және америкалық ғарышкерлер отырған ғарыш кемесі Қазақстанға қонды

Сымбат Сатыбалдина
Видео кадры

Ресейлік және америкалық ғарышкерлер отырған “Союз МС-26” ғарыш кемесі бүгін Жезқазған қаласының маңына сәтті қонды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кеме экипажының құрамында ресейлік ғарышкерлер Алексей Овчинин мен Иван Вагнер, сондай-ақ америкалық астронавт Дональд Петтит болды. Үшеуі де халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС) 2024 жылдың 11 қыркүйегінен бері қызмет атқарған.

Осы уақыт аралығында ресейлік экипаж мүшелері 43 ғылыми тәжірибе жүргізіп, желтоқсан айында ашық ғарышқа шыққан болатын.

Қону сәті штаттық режимде өтті. Ғарышкерлер өзін жақсы сезінетінін мәлімдеді.