Қазақстанда еуро күрт қымбаттап кетті

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

21 сәуір күні сағат 11:50-дегі жағдай бойынша еуро бағамы өсіп, ал доллар мен рубль тұрақты күйде қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстанның екі ірі қаласындағы валюта айырбастау пункттерінде еуро 600 теңгеден жоғары саудалануда.

ЕУРО

Астанада:
▪ Сату — 605 теңге
▪ Сатып алу — 595 теңге

Алматыда:
▪ Сату — 605 теңге
▪ Сатып алу — 598 теңге

Салыстырмалы түрде алғанда, 18 сәуірде елордада еуро орта есеппен 595 теңгеден сатылып, 588 теңгеден сатып алынған. Алматыда бұл көрсеткіш — сату үшін 597 теңге, сатып алу үшін 592 теңге болған.

Ұлттық банктің ресми бағамы: 593,5 теңге (21 сәуір).

ДОЛЛАР 

Астанада:
▪ Сату — 526,60 теңге
▪ Сатып алу — 519,60 теңге

Алматыда:
▪ Сату — 522,83 теңге
▪ Сатып алу — 520,63 теңге

РУБЛЬ

Астана мен Алматыда бірдей:
▪ Сату — 5,01 теңге
▪ Сатып алу — 4,89 теңге