Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті адам аңдуға арналған білезіктерге 22,9 млн теңге жұмсамақ

Ulysmedia

ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстанда сотталғандар мен бостындыққа шыққандарды қадағалауға арналған білезіктерді жалға алуға 22,9 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

фото: Ашық дереккөзден

«Техникалық сипаттамаға сай, білезіктердің көмегімен пробация қызметтерінде есепте тұрған адамның қайда жүргенін білуге болады. Бұған қоса олар дабыл жүйесімен жабдықталған. Осылайша, қылмыстық-атқару жүйесі комитеті 2 562 білезікті жалға алмақ. Білезіктердің ең көбін – 472 данасын Қостанай облысына жібермек. Ал Қызылорда облысы ең аз білезік (30 данасын) алады», - деп ақпарат таратты Protenge телеграм каналы.