Әйгілі Винокуров зейнетақысын ала алмай жүргенін айтты

Ілияс Бақыт
Ашық дереккөзден

Олимпиада чемпионы, велошабандоз Александр Винокуров "Дөп сөз" подкасында қонақта болып бұрын-соңды ашылмаған ақиқатты айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТИЕСІЛІНІ АЛА АЛМАЙ ЖҮР

Олимпиада чемпионаның сөзінше ол өзіне тиесілі спорттық зейнетақыны ала алмай жүр. 

“Мен бүгінде өзіме тиесіліні алу үшін күресіп келемін. Қазақстанда 20 жыл еңбек еткенімді дәлелдеуім керек екен. Жігіттер, бұл қалай? 1991 жылдан Қазақстан ұлттық құрамасындамын ғой. Соны дәлелдеу үшін әйтеуір қандай да бір анықтамалар жинап жүрмін. Жалақы жақсы. 350-400 мың теңге”- дейді Винокуров.

Спортшының сөзінше ол 8 жылға жуық уақыт штаттық спортшы болмаған. Яғни зейнетақы жарнаса сол уақыт аралығында аударылмаған. 

“Маған сен 1998 жылдан 2006 жылға дейін жалақы алмағансың дейді. Егер мен жалақы алмасам олардың кінәсі ғой. Штатта болмағанмын сол уақыт аралығында. Мен Қазақстан үшін өнер көрсеттім ғой. Сол уақыт аралығында Сиднейдегі олимпиадада күміс медальді кім үшін алдым сонда? “- дейді олимпиада чемпионы. 

АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ

Александр Николаевич Винокуров — Қазақстанның әйгілі велошабандозы. Ол 1973 жылы 16 қыркүйекте Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Винокуров 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында топтық жарыста алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, ол 2000 жылғы Сидней Олимпиадасында күміс жүлдегер атанған.Ол кәсіби мансабын 1998 жылы Casino велокомандасында бастады және кейіннен Team Telekom, Liberty Seguros-Würth және Astana командаларында өнер көрсетті. 2006 жылы Испанияның Вуэльта көпкүндігінде жеңіске жетті.Ол Қазақстандағы велоспорттың дамуына үлкен үлес қосып, жас спортшыларды қолдаумен айналысады.