Роман Скляр John Deere компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді

Ulysmedia
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр John Deere компаниясы өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр ТМД елдері мен John Deere компаниясының Орталық Азия бойынша президенті Чаба Лейкомен кездесті. Кездесу барысында локализациялау бағдарламасы, сервистік қызметті дамыту, жұмыс орындарын ашу, қазақстандық инженерлерді оқыту, сондай-ақ Қазақстанның техника мен қосалқы бөлшектерді жеткізу бойынша ТМД елдеріне арналған орталық логистика хабына айналу мүмкіндігі талқыланды.

Кездесу барысында Роман Скляр жаңа өндірістің іске қосылуы отандық машина жасау саласының дамуы мен ауыл шаруашылығы секторына заманауи технологияларды енгізудегі маңызды қадам екенін атап өтті. 

JOHN DEERE

John Deere — ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бойынша әлемдік көшбасшы. Қазақстанда оның өнімдерін локализациялау саланың дамуына серпін беретін маңызды кезеңі болады.  

John Deere өндірісін локализациялау Үкіметтің ауылшаруашылық техникасы паркін жаңарту бойынша шараларын нығайтатынын атап өткен жөн.