Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) құрамында ешқандай өзгеріс болған жоқ, Армения тек өзінің мүшелігін уақытша тоқтатып қойды. ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Тасмағамбетовтің айтуынша, тараптар арасында «тек жұмыс сипатындағы байланыстар» сақталған, Арменияға хатшылықта талқыланатын барлық мәселелер бойынша ақпарат беріледі.
Ашық айтқанда, Армения ұйымнан (ҰҚШҰ – ред.) шыққан жоқ, тек өзінің ұйым жұмысындағы қатысуын уақытша тоқтатты, – деді Иманғали Тасмағамбетов. Оның сөзін РИА Новости келтірді.
Ол сондай-ақ ҰҚШҰ Арменияның шешімдеріне түсіністікпен қарайтынын атап өтті. Ал елдің ұйымға одан әрі қатысу-қатыспауы – армян саяси басшылығының шешіміне байланысты, деді бас хатшы.
2024 жылдың ақпанында Никол Пашинян Арменияның ҰҚШҰ-дағы мүшелігі тоқтатылғанын мәлімдеген. Себебі, Ереванның айтуынша, ұйымға мүше мемлекеттер өз міндеттемелерін орындамай, жауапкершілік аймағын мойындамай отыр. Бұл сын 2023 жылғы қыркүйектегі оқиғалармен байланысты: сол кезде Әзербайжан мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасында әскери операция жүргізген. Владимир Путин болса, бұл жағдайда ҰҚШҰ-ға мүше елге қарсы әскери агрессия болмағанын, себебі Армения Таулы Қарабақты ресми түрде мойындамағанын айтқан.
Армениядан бөлек, ҰҚШҰ құрамына Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан кіреді.