«Көлсай көлдері» аумағында Тянь-Шань қоңыр аюлары видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жабайы жануарлар санын есепке алу барысында «Көлсай көлдері» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары Тянь-Шань қоңыр аюын екі қонжығымен видеоға түсіріп алған. Тянь-Шань қоңыр аюлары парктің орманды тау баурайларында мекендейді.
АЮЛАРДЫ МАЗАЛАМАУ КЕРЕК
Парк әкімшілігі келушілердің назарын аударады: егер қоңыр аюын байқап қалсаңыз, қауіпсіз қашықтықты сақтап, жануарларды мазаламау маңызды.
Еске саламыз, Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген барлық жануарлар түрлері мемлекет тарапынан қорғалады.
ТЯНЬ-ШАНЬ ҚОҢЫР АЮЫ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ
Тянь-Шань қоңыр аюы — Орталық Азияның таулы аймақтарында, әсіресе Тянь-Шань жоталарында мекендейтін ірі жыртқыш. Бұл аю түрі қоңыр түсті, денесі күшті әрі икемді болып келеді. Қыста ұзақ ұйқыға кетеді, ал жазда өсімдіктермен, ұсақ жануарлармен және балмен қоректенеді. Қазір Тянь-Шань қоңыр аюы сирек кездесетін түр ретінде қорғауға алынған.