Әлемдегі ең кәрі адам көз жұмды

Сырым Қаржас
LongeviQuest / Carlos Macedo

Жер шарының ең кәрі тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

AFP агенттігі Бразилияның Порту-Алегри қаласындағы кармелиттер орденінің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, Ина Канабаррудың 1908 жылғы 8 маусымда дүниеге келгенін хабарлады. Ол 1934 жылы, яғни 26 жасында, Бірінші және Екінші дүниежүзілік соғыстардың арасындағы кезеңде монах әйел болуға ант берген.

Ина Канабарру Жер шарының ең қарт тұрғыны мәртебесіне 2024 жылдың желтоқсанында жапониялық Томико Итооки 116 жасында көз жұмғаннан кейін ие болған еді.

Америкалық геронтологиялық зерттеулер тобы (GRG) мен әлемдегі ең кәрі адамдардың жасын ресми түрде растайтын LongeviQuest деректер базасының мәліметінше, енді бұл атақ Ұлыбританияның Суррей графтығында тұратын 115 жастағы Этель Катерхэмге өтеді.