Астанада 30-ға жуық автобустың бағыты өзгереді: тізім

Сырым Қаржас
Ulysmedia

Астанада 29 автобус бағытының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы мәлімдеді.

Өзгерістер мына бағыттарға қатысты: №№ 5, 5A, 8, 9, 11, 13, 22, 22A, 23, 28, 31, 33, 48, 55Б, 60, 72, 73, 80, 304, 313, 315, 316, 318, 321, 322, 327, 505. Барлық жаңа қозғалыс сызбасы CTS-тің әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланған.

Қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа маршруттармен алдын ала танысып, жолға шығар алдында мән беруді ескертті.