Шымкент қалалық хайуанаттар бағының әкімшілігі ТЖД «112» құтқару қызметіне хабарласып, бегемотқа көмек қажет екенін айтқан. Оның төменгі азу тістері өсіп кеткендіктен, тамақтануы қиындай түскен деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
«Жедел құтқару жасағының құтқарушылары зообақ басшылығының рұқсатымен, альпинистік құрал-жабдықтардың көмегі арқылы жануардың жақ сүйегін керіп, гидравликалық кескішті қолдана отырып, кедергі келтірген тістерді кесіп тастады. Енді салмағы 3,5 тоннадан асатын гипоппотам ұзақ емдеу курсынан өтпек», – дейді Төтенше жағдай министрлігінен.
Айта кетейік, хайуанаттар бағының басшылығы 2019 жылы да құтқарушыларға осындай өтініш жасаған. Ол кезде «Тұрсын» лақап атымен танымал гиппопотамның азу тістері өсіп, тұмсығына кіріп кеткен.