Найзағай, бұршақ, үсік: ертең қай өңірлерде ауа райы қолайсыз болады

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 4 мамырда елдің басым бөлігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады және кей өңірде үсік жүреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15 метрге жетеді. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі бар, облыстың орталығында да сақталады. 

Астанада күндіз найзағай, бұршақ. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні – 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-18 метр болады. Облыстың батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Қызылорда облысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Қостанай облысында найзағай, бұршақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, тау асуларында күші – 15-20 м/с.

Ақмола облысында түнде батысында, солтүстігінде, күндіз солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында бұршақ жауады. Оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге, облыстың шығысында 23 метрге дейін жетеді. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.

Атырау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. 

Абай облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні – 15-18 м/с. Түнде облыстың батысында 2 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі бар.

Шығыс Қазақстан облысында жел оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні – 15-18 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында 3 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстік-батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, орталығында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды, бұршақ жауады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 25 м/с болады. 

Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде шаңды дауыл, олтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі бар.