Шымкентте екінші сынып оқушысына азғындық жасаған адам қамауға алынды

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

Шымкентте екінші сынып оқушысына тиіскен бұрын сотталған адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Бұл туралы адвокат Талғат Есімов Telegram-арнасында хабарлады. Бұған дейін сот оны қамауға алуға рұқсат бермеген еді.

- Шымкент қалалық сотының апелляциялық алқасы судья Қонырбаеваның төрағалығымен тергеу сотының қаулысын жойып, күдіктіні (рецидивисті) кәмелетке толмаған қызды азғындауға қатысты істі тергеу барысында қамауға алу туралы жаңа қаулы шығарды. Бұл қаулы дереу орындалуы тиіс, – деп жазды заңгер.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Бұл оқиға туралы Талғат Есімов сәуір айының соңында жария еткен болатын. Оның айтуынша, жазасын колония-қоныста өтеп жүрген ер адам мектеп оқушысы қызды аңдып, подъезге кірген кезде соңынан еріп, сол жерде азғындық әрекеттер жасаған.

Алайда алғашқы инстанциядағы сот оны қамауға алудан бас тартып, рецидивистің жазасын өтеу үстінде екенін және іс жүргізудегі кейбір заңбұзушылықтарды негізге алған. Енді апелляциялық сот бұл шешімді өзгертіп, күдіктіні қамауға алуға шешім шығарды.