Польша Ресейді президент сайлауына араласты деп айыптады

Сырым Қаржас
Shutterstock

Варшава үкіметі жоғары әскери дайындық режиміне көшті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

W-нің жазуынша, Польша тарапы Ресейді президент сайлауына ірі көлемде араласты деп айыптаған. Сайлаудың бірінші кезеңі 18 мамырға жоспарланған.

Польшада өтіп жатқан президенттік науқан барысында біз Ресей тарапынан сайлау процесіне бұрын-соңды болмаған араласу әрекетіне тап болдық, – деді цифрландыру министрі Кшиштоф Гавковский.

Оның айтуынша, бұл араласу – дезинформация тарату мен Польшадағы аса маңызды инфрақұрылымдарға жасалған гибридті шабуылдардың үйлесімі арқылы іске асып жатыр. Мұндағы мақсат – мемлекеттің қалыпты жұмысын бұзу.

Министрдің сөзінше, кибершабуылдар су және кәріз жүйелеріне, жылу электр станцияларына және мемлекеттік мекемелерге бағытталған.

Бұған дейін Польша премьер-министрі Дональд Туск Еуропа одағының Ресей алдында ешқандай кемшілік кешуіне негіз жоқ екенін мәлімдеген еді.