"ҚазАвтоЖолдың" қарызы 850 млрд теңгеден асты

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының қарызы 850 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

РЕСМИ РАСТАУ

“Уәде” бағдарламасында “ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ басқарма төрағасы Дархан Имашев компанияның халықаралық қаржы ұйымдары алдындағы жалпы қарызы 852 млрд теңге екенін растады.

Оның айтуынша, бұл қаражат 2024–2025 жылдары аяқталуы тиіс жол жобаларына жұмсалған. Барлығы – 21 жоба.

ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУ

Бағдарлама жүргізушісі Ерболат Мұхамеджан компанияның бұл қарызды қалай өтейтіні туралы сұрады.

— Бұл мәселе Қаржы және Көлік министрліктерінің құзырында, — деп жауап берді Имашев.

Сондай-ақ ол әрбір несие Үкіметтің қаулысымен рәсімделетінін атап өтті.