Алматыда жеке тұрғын үйде алапат өрт шықты

Сырым Қаржас
Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматыда Әуезов ауданы Мамыр-4 шағын аудданында орналасқан тұрғын үйде өрт шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

МӘН-ЖАЙ

Өрт 290 шаршы метр аумақты шарпыды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт жеке тұрғын үйдің шатырында шығып, жалын жеке қойма жайларына ауысқан.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жедел іс-қимылдарының арқасында көршілес құрылыстарға оттың таралуына жол берілген жоқ.

Зардап шеккендер жоқ.