Қазақстанда аптап ыстық түседі

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазгидромет 13 мамырда кейбір өңірлерде аптап ыстық болатынын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Ақмола облысы:

Облыстың батысы мен солтүстігінде найзағай күтіледі, күндіз бұршақ жаууы мүмкін, түнде және таңертең тұман түседі. Батыс, оңтүстік және шығыс аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.

Көкшетау қаласында түнде және таңертең тұман, таңертең және күндіз найзағай, бұршақ күтіледі.

Алматы облысы:

Сейсенбі күні таулы аудандарда найзағай болады. Облыстың батысында күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15–20 м/с жетеді. Солтүстік пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында 13 мамырда күндіз оңтүстік-батыстан соғатын жел 15–20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысы:

Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай, бұршақ күтіледі. Жел солтүстіктен және солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.

Атырау облысы:

Сейсенбі күні түнде батыс пен солтүстікте, күндіз батыс, солтүстік және оңтүстікте найзағай болады. Оңтүстік пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау қаласында 13 мамырда күндіз найзағай болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысы:

Батыс пен солтүстікте найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады. Түнде батыс пен солтүстікте, күндіз оңтүстік пен шығыста 15–20 м/с дейін күшейеді. Күндіз оңтүстік пен шығыста 35°С дейін қатты ыстық күтіледі. Оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қаласында 13 мамырда найзағай күтіледі, жел түнде екпіні 15 м/с.

Маңғыстау облысы:

Сейсенбі күні батыс пен орталықта найзағай, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең батыста тұман күтіледі. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады, ал солтүстік-шығыста – төтенше өрт қаупі бар.

Ақтау қаласында түнде және таңертең тұман, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысы:

Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Жалпы облыс бойынша жоғары, ал оңтүстікте – төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында 13 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысы:

Сейсенбі күні күндіз батыс пен оңтүстікте қатты ыстық — 35°С. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында 13 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысы:

13 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында да сол күні төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысы:

Сейсенбі күні солтүстікте қатты жаңбыр жауады. Батыс пен солтүстікте найзағай, күндіз бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан 15–20 м/с. Оңтүстік бөлігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Павлодар қаласында 13 мамырда солтүстік-батыс желі 15–20 м/с.

Жамбыл облысы:

Күндіз таулы аудандарда найзағай, солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан, оңтүстік-батыс пен таулы аймақтарда жел 15–20 м/с. Солтүстік пен оңтүстік-шығыста жоғары, ал батыс пен орталықта төтенше өрт қаупі бар.

Жетісу облысы:

Сейсенбі күні оңтүстік-шығыста жоғары, солтүстікте төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысы:

Батыс, солтүстік пен оңтүстікте найзағай, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан, екпіні 15–20 м/с.

Петропавл қаласында күндіз найзағай мен бұршақ, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы:

Сейсенбі күні батыс, солтүстік және оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қаласында 13 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысы:

Түнде солтүстік пен батыста қатты жаңбыр жауады. Батыс, солтүстік және шығыста найзағай, күндіз бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан, күндіз батыс, солтүстік пен орталықта 15–20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай қаласында 13 мамырда найзағай, жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы:

Сейсенбі күні оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.