Қазақстан Ресейге қару жасайтын маңызды элементті жеткізуді тоқтатты

Сырым Қаржас
РИА Новости / Валерий Мельников

Халықаралық санкциялардың салдарынан Ресейдің қорғаныс өнеркәсібіне тантал сияқты маңызы бар материалдар жетіспей жатыр. Бұл сирек кездесетін металл заманға сай қару-жарақ компоненттері үшін қажет. Алайда Ресейде тантал қоры шектеулі, оны өңдеуге мүмкіндік жоқ, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халықаралық санкциялардың әсерінен Ресейдің қорғаныс өнеркәсібі сындарлы маңызы бар материалдардың тапшылығын сезініп жатыр, деп жазады tsn.ua. Олардың бірі – тантал. Ол заманға сай зымырандар, дрондар мен танктердің көпшілігінің құрамдас бөліктерін өндіруге қажет сирек металл.

Қазақстан енді жеткізбейді

Соғысқа дейін Ресей танталды Қытай, АҚШ және Африкадан, соның ішінде Конго мен Бразилиядан импорттаған. Ал ол Қазақстандағы зауытта өңделетін. Бірақ Қазақстан санкциялық режимге қосылғаннан кейін бұл тасымал тоқтады, – делінген жарияланымда.

Қытайдан келетін тантал сапа стандарттарына сәйкес келмейді. Ресейге қажет көлем – айына 7,7 тонна. 

Frontelligence сарапшыларының бағалауынша, Ресейдегі өңделген тантал қоры 2 тоннадан аспайды. Бұл қолданыстағы әскери келісімшарттарды орындауға жеткіліксіз. "Жақын арада қажетті көлемді сатып алу мүмкін емес" дейді дереккөз.

Санкция

Еуропалық одақтың Ресейге қарсы жаңа санкциялар пакеті ЕО елдерінің елшілері деңгейінде 14 мамырда қабылдануы мүмкін.

Дипломаттар бұл пакет бойынша Еуроодақ елдері делегациялары арасында айтарлықтай келіспеушіліктер болмағанын және елшілер деңгейіндегі талқылау жылдам өткенін атап өтті. ЕО-ның Ресейге қарсы 17-ші санкциялар пакеті бойынша келесі талқылау 14 мамырға белгіленген. Дипломаттар оның мақұлдануын жоққа шығармайды.