Шымкентте тыл еңбеккері Мария Пономареваның адам төзгісіз жағдайда өмір сүргені, ал оның зейнетақысын сіңлісі алып отырғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Lider.kz волонтерлерінің айтуынша, тыл еңбеккері лас, нәжіске толы, тарақандар қаптаған пәтерде өмір сүріп келген. Жасы келген қарияға күтім жасауға тиіс болған оның сіңлісі зейнетақысын өзі алып отырған.
Аскаров көшесіндегі жатақханада Маша әже осындай мүшкіл жағдайда тұрып жатыр – бұл кісі, айтпақшы, тыл еңбеккері. Мына сұмдықты қараңыздаршы! Оны қарттар үйіне апарған, бірақ сіңлісі кері алып кетіп, қараусыз қалдырған. Кім кінәлі, не істеу керек? 9 мамырда әжейге алтын медаль мен ақша табысталды, бірақ бәрі әпкесінің қолына берілген. Әкімдік қайда қарап отыр?» – деп наразылық білдірді волонтерлер.
Қазір зейнеткер арнайы бейімдеу орталығына орналастырылғаны хабарланды. Ал сіңлісі байланысқа шықпай отыр. Бұл жағдай бойынша тексеріс жүргізіледі.