Ақмола облысында су тасқынының алдын алмаған ауыл әкімі сотталды

Сымбат Сатыбалдина
Ulysmedia.kz коллажы

Ақмола облысында су тасқынына жол берген Сергеев ауылдық округінің әкімі сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Атбасар аудандық сотында абайсызда ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметіне немқұрайлы қарауы салдарынан міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ауыл әкімі Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды (ҚК-нің 371-бабының 2-бөлігі. Салғырттық).

СОТТА НЕ АНЫҚТАЛДЫ

Сергеев ауылдық округінің әкімі К. абайсызда міндеттер мен нұсқауларды тиісінше орындамауы салдарынан бөгеттің жарылуына жол берген. Осылайша Самарка ауылының 19 тұрғын үйі мен аумақты су басуына әкеп соқтырды.

Су тасқыны салдарынан зардап шеккендерге жергілікті бюджеттен 8 млн теңге төленді. Осылайша, мемлекетке ірі мөлшерде залал келтірілді.

ЖАУАПТЫ АДАМ ШАРА ҚАБЫЛДАМАҒАН

Самарка ауылындағы ГТҚ-нің жай-күйіне жауапты тұлға бола тұра, К. Есіл бассейндік инспекциясы мен ТЖ алдын алу және жою жөніндегі Комиссияның су өткізу үшін гидротехникалық құрылысты транзиттік режимге ауыстыру туралы тапсырмаларына қарамастан, бөгеттегі судың өткізу қабілетін арттыру бойынша шара қабылдамаған.

Су деңгейінің жоғарылауы және оның қысымынан прорандар (ағындар) пайда болып, үйлер мен ауыл аумағын су басты.

СОТ ҮКІМІ

Жаза тағайындауда сот ауыл әкімінің жас балалардың болуын жеңілдететін жағдай деп және абайсызда алғаш рет қылмыс жасауын ескерді.

Сот үкімімен ауыл әкімі мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығын айыра отырып, пробациялық бақылау белгіленумен 1 жыл 6 айға бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Азаматтық талап қоюды қанағаттандыру мәселесі азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға берілді.