Қазақстанда доллар күрт 3,5 теңгеге арзандады – сарапшылар себебін айтты

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

Осы аптаның алғашқы екі күнінде теңге доллармен салыстырғанда нығайып келеді. Сарапшылар оның себептерін атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша USD/KZT жұбының бағамы 509,84 теңге деңгейінде жабылып, 3,55 теңгеге нығайды.

«Ұлттық валютаның қатарынан екінші күн нығаюы сыртқы ортадағы тұрақтылық, мұнай бағасының қалпына келуі, тәуекелге деген сұраныстың артуы және нарықтағы кейбір қатысушылардың шетел валютасына деген сұранысын қанағаттандыру аясында орын алды», – деп хабарлады АФК.

Ішкі факторлардың ішінде Қазақстан Ұлттық банкі, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен экспорттаушылар тарапынан жергілікті нарықта шетел валютасының тұрақты ұсынысы атап өтілді. Бұл ретте сұраныс жағында айтарлықтай өзгерістер болған жоқ.

Бұған дейін Қазақстандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы 510 теңгеге дейін төмендеген болатын.