Қазақстанда 15 мамырда күн 42 градусқа дейін ысиды – болжам

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Елдің оңтүстігінде ауа температурасы 42 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейсенбі, 15 мамырда, Ираннан келетін жылы ауа массасының әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ыстық ауа райы сақталады. Тек шығыс өңірлерде, солтүстік пен батыстың кей жерлерінде аздаған жауын жауады.

Солтүстікте ауа температурасы тәулік бойы +13…+30 °С болады.

Орталықта термометр бағандары +16…+37 °С-қа дейін көтеріледі.

Оңтүстікте температура +15…+42 °С шамасында сақталады.

Шығыста +14…+27 °С аралығында құбылады.

Батыста ауа температурасы +10…+25 °С деңгейінде болады.