Рубльдің нығаюы Қазақстандағы доллар бағамы динамикасына әсер етуі мүмкін

Сырым Қаржас
Ulysmedia коллажы

Сарапшылардың айтуынша, жұма күнгі сауда-саттық барысында Қазақстандағы сыртқы жағдай біршама қолайлы қалыптасқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

USD/KZT бағамы жұма күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша өзгеріссіз қалды – 1 АҚШ доллары 509,57 теңгені құрады (-0,94 теңге).

Тепе-теңдік

Ашық валюта нарығында сұраныс пен ұсыныстың салыстырмалы тепе-теңдігі экспорттаушылар, шетелдік инвесторлар және Ұлттық банк тарапынан шетел валютасының ұсынысы импорттаушылардың, сыртқы қарыз алушылардың және халықтың оған деген сұранысын толық қанағаттандыруымен байланысты болуы мүмкін”, – делінген АФК (Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы) хабарламасында.

Рубльдің әсері

Бұдан бөлек, жұма күнгі сауда барысында сыртқы ахуал біршама қолайлы қалыптасты: мұнай бағасының өсуі мен рубльдің нығаюы ұлттық валюта бағамына қолдау көрсетуі мүмкін болды.

Бұған дейін сарапшылар теңге бағамына ықпал етуі мүмкін факторлар туралы мәлімдеген еді.