Талдықорғанда 4 балдық жер сілкінді: тербеліс Шерзат сотында эфирге түсіп қалды

Сымбат Сатыбалдина

Талдықорған маңында 4 балдық жер сілкінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ашық дереккөздегі мәліметтер бойынша, жер сілкінісінің болжам бойынша магнитудасы 4,0 балл. 

Жер сілкінісі Талдықорған аймағында 15:58-да қатты сезілген. 

ШЕРЗАТ СОТЫ

Жер сілкінісі болған сәт Шерзат ісі бойынша жүріп жатқан соттың тікелей эфиріне түсіп қалды. 

Судья қатысушылардың өтініші бойынша үзіліс жариялады. 

ТЖМ НЕ ДЕЙДІ

ҚР ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 мин жер сілкінісі тіркелді.

Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған  қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан. 

ЖЕР СІЛКІНІСІНІҢ МАГНИТУДАСЫ

Талдыкорғанда 4.0 б.

Балпык-Би ауылында 4.0 б.

Қарабұлақ ауылында 3.0 б.

Үштөбе қаласында 3.0 б.

Текели қаласында 2.0 б.

Сарыөзек ауылында 2.0 б.