Қазақстанда үсік жүріп, бұршақ жауады

Сымбат Сатыбалдина
Ашық дереккөзден

24 мамырда түнде және таңертең Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Көкшетауда 24 мамырда солтүстік-батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысында сенбі күні түнде оңтүстікте, таулы аудандарда кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Найзағай болады деп күтілуде. Облыстың солтүстігі, оңтүстігі және таулы аудандарында батыс, солтүстік-батыс жел соғып, екпіні 18-23 м/с, түнде кейде 28 м/с жетеді. Облыс орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, ал батысында және солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Алматыда 24 мамырда түнде кейде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Түнде батыс, солтүстік-батыс жел соғып, екпіні 18-23 м/с дейін жетеді. Қонаевта 24 мамыр түнде кейде найзағай күтіледі. Желдің бағыты — батыс, солтүстік-батыс, екпіні 18-23 м/с.

24 мамыр түнде 9-40 мм аралығында кейде қатты және өте қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтілуіне байланысты Іле және Күнгей Алатауында сел жүру қаупі бар.

Жетісу облысының шығысында және таулы аймақтарында 24 мамыр түнде қатты жаңбыр күтіледі. Түнде найзағай, күндіз шығыста және таулы аудандарда найзағай, бұршақ болады. Шығысында және таулы аудандарда оңтүстік-батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі, басқа аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда 24 мамыр түнде найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады. Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында 24 мамыр түнде оңтүстік-батыс желдің екпіні кейде 30 м/с және одан да жоғары болады.

Қарағанды облысында сенбі күні түнде солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында найзағай, күндіз солтүстігінде, шығысында және батысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде батыс, оңтүстік-батыс жел соғады, екпіні 15-20 м/с, кейде 23 м/с. Шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Қарағандыда 24 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. 26-27 мамырда түнде Қарағанды облысының батысында және солтүстігінде -2°С дейін үсік жүреді.

Ұлытау облысында 24 мамырда солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазғанда 24 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады. 26-27 мамырда түнде Ұлытау облысының солтүстігінде -1°С дейін үсік күтіледі.

Атырау облысында сенбі күні батысында, солтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, ал оңтүстігінде – төтенше өрт қаупі. Атырауда 24 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен оңтүстігінде 24 мамырда жоғары, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысында сенбі күні күндіз солтүстігінде кейде қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай болады. Солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде оңтүстік-батыс, батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 25 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-шығысында төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде 24 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Абай облысында 24 мамыр түнде найзағай, күндіз солтүстігі, шығысы және орталығында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстігі, оңтүстігі және орталығында оңтүстік-батыс, батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кейде 23-28 м/с дейін жетеді. Солтүстік-батысы мен оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде 24 мамырда найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғып, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысында сенбі күні тау асуларында солтүстік-батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Солтүстігі мен шөлді аймақтарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде 24 мамырда найзағай күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен солтүстігінде тұман болады. Солтүстігі мен шығысында солтүстік-батыс жел 15-20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі бар. Қостанайда 24 мамырда күндіз солтүстік-батыс жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында сенбі күні оңтүстігі мен таулы аудандарында найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде шаңды дауыл соғады. Таулы аудандарында солтүстік-батыс жел 15-20 м/с. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары, батысы мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде 24 мамыр түнде найзағай, күндіз оңтүстігі мен шығысында найзағай мен бұршақ күтіледі. Түнде батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, күндіз оңтүстігінде 15-20 м/с. Шығысында жоғары, батысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодарда 24 мамыр түнде және таңертең найзағай күтіледі. Түнде батыс желдің екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында сенбі күні түнде солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде, күндіз солтүстігі мен шығысында найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыс жел 15-20 м/с, облыстың солтүстігі, шығысы және оңтүстігінде екпіні 23-28 м/с жетеді. Петропавлда 24 мамыр түнде найзағай, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыс жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында 24 мамырда түнде оңтүстігі мен солтүстігінде солтүстік-батыс, солтүстік жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылордада 24 мамырда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында сенбі күні күндіз солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтауда 24 мамырда жоғары өрт қаупі сақталады.