ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыссыз жүрген қазақстандықтарға ауыл шаруашылығы санағына қатысуды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Ведомство тіркеліп тұрған жұмыссыздардың арасынан 300 қазақстандыққа жұмысқа орналасу туралы SMS хабарламалар жібереді.
– ҚР Ұлттық статистика бюросымен бірлескен жұмыс шеңберінде Қазақстанның 70 қаласының азаматтары бір мезгілде 1414 қызметінен ауыл шаруашылығы халық санағын өткізу үшін санақ қызметкері (сұхбаттасушы) ретінде жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы SMS-хабарламалар алады, – делінген хабарламада.
АНЫҚТАМА
Ауыл шаруашылығы санағы 1-31 тамыз аралығында арнайы интернет-порталда өзін-өзі толтыру әдісімен, ал 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында санақ қызметкерлерін тарта отырып, жеке әңгімелесу әдісімен жүргізіледі.