Бірнеше өңірде бүгін күн қатты ыстық болады

Сырым Қаржас
Ашық дереккөзден

Қазгидромет 30 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Астанада көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Алматыда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +24…+26°C.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Түнгі ауа температурасы +12...+14°C, күндіз +27…+29°C.

Ақтауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +33...+35°C.

Ақтөбеде ашық, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнгі температура +13...+15°C, күндіз +31…+33°C.

Атырауда ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–18 м/с. Түнде +20…+22°C, күндіз +34…+36°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +15...+17°C, күндіз +27...+29°C.

Қарағандыда бұлтты, жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел 7–12 м/с. Түнгі ауа температурасы +9...+11°C, күндіз +23...+25°C.

Көкшетауда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +27…+29°C.

Қонаевта көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +11…+13°C, күндіз +26…+28°C.

Қостанайда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнгі температура +13...+15°C, күндіз +29…+31°C.

Қызылордада ашық, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде +20...+22°C, күндіз +31…+33°C.

Павлодарда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнгі температура +8...+10°C, күндіз +22…+24°C.

Петропавлда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде +12...+14°C, күндіз +26…+28°C.

Семейде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +20…+22°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с, екпіні 14 м/с дейін. Түнде +6…+8°C, күндіз +26…+28°C.

Таразда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнгі температура +12...+14°C, күндіз +23…+25°C.

Түркістанда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с дейін. Түнде +16...+18°C, күндіз +30...+32°C.

Оралда көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Түнде +13...+15°C, күндіз +30…+32°C.

Өскеменде көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +4...+6°C, күндіз +19…+21°C.