Экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін 12 қазақстандық сотталды

Сырым Қаржас
Pixabay.com

Астанада 12 қазақстандық азаматқа экстремистік ұйымның қызметіне қатысқаны үшін үкім шығарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ұлттық қауіпсіздік комитетітінің хабарлауынша, 27 мамырда діни-экстремистік ұйымның әрекетін ұйымдастырды және оған қатысы бар деген айыппен 12 қазақстандық бойынша сот үкімі заңды күшіне енді.

Жүргізілген тергеу барысында, сотталғандардың Қазақстан аумағында діни алауыздықты қоздыру, террористік және экстремистік идеологияны тарату мақсатын көздеп, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартумен айналысқаны анықталды.

СОТ ҮКІМІ

Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты олар 9 жылдан 18 жылға дейін бас бостандығынан айырды.

Сотталғандардың көбі бұрын ауыр қылмыстар, соның ішінде полиция қызметкерін өлтіру, қарақшылық, тонау, адам ұрлау және есірткі заттарын өткізу үшін соттылы болған.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында прокуратураның үйлестіруімен полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес қызметі ҰҚК-мен бірлесіп, діни радикалдар тобының 11 мүшесін ұстағаны туралы жазған едік.