Әлемге танымал әнші Рианнаның әкесі Рональд Фенти Лос-Анджелесте өмірден өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz TMZ сайтына сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
TMZ дереккөздерінің мәліметінше, 70 жастағы Рональд Фенти ұзаққа созылған сырқаттан кейін көз жұмған.
— Сәрсенбі күні Рианнаның ағасы Раджад Фенти Сидарс-Синай медициналық орталығы маңынан байқалған. TMZ ақпаратына сәйкес, Рианна да көлікте болған, бірақ суреттерде ол көрінбейді, — делінген материалда.
Белгілісі, Рианна мен әкесі көп уақыт байланыссыз жүрген. Алайда кейінгі жылдары олар қарым-қатынасты қайта қалпына келтіре алған.
2023 жылғы ақпанда Рональд Фенти TMZ-ге қызының екінші рет жүкті болғанына қуанышты екенін айтып, болашақ немересінің өміріне араласқысы келетінін жеткізген.
Жерлеу рәсімінің уақыты мен орны әзірше жарияланған жоқ.