Қазақстанда доллар қымбаттады

Сырым Қаржас
Ұлысмедиа коллажы

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда нәтижесінде АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 512,10 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,71 теңгеге жоғары.

Қазір айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 512 теңгеден сатып алынып, 515 теңгеден сатылып жатыр.

КОНТЕКСТ

Бұған дейін доллар бағамының өсуі елдегі сауда көлемінің күрт төмендеуі аясында орын алғаны хабарланған еді.