Мен қазақшасөйлешникпін – Польшаның Қазақстандағы елшісі

Аян Өрібай
Ұлысмедиа

Польша елшілігінің уақытша сенімді өкілі Михал Лабенда әлеуметтік желідегі парақшасында өзін "қазақшасөйлешникпін" деп атады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Иә, мен қазақшасөйлешникпін - көбінде қазақша сөйлесіп жүрмін және менімен қазақша сөйлессең, риза боламын, – деді Польша елшісі парақшасында.

ЕЛШІНІҢ СҰХБАТЫ

Ұлыстың алаңында бұған дейін Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігінің сенімді өкілі Михал Лабенда мырзамен тағы бір үлкен сұқбат жазу мүмкіндігі туған еді. Әңгіме 9 мамыр - Жеңіс күніне деген көзқарастардың әр елде қалай қалыптасқаны туралы болды. Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден көре аласыздар.

ҚАЗАҚШАСӨЙЛЕШНИК – ЖАҢА ТЕРМИН ЖАЙЛЫ ДАУ

Желіде заңгер Ержан Есімхановтың қазақ тілінде сөйлейтіндерге қатысты жазбасы қызу талқыға түскен еді. Ол Threadste-те көне тілдерде мәтіндерді қалпына келтіріп, ерекше контент жасайтын Arum Natzorkhang есімді блогер туралы пікір білдіріп, қазақша сөйлейтін адамдарды мысқылдаған. Есімханов Arum Natzorkhang атты блогердің көне тілдердегі мәтіндерді қалпына келтіріп, солардан видео жасайтынын мақтап, ағылшын тіліндегі «Беовульф», мысыр мифтері, тіпті Гомердің «Илиадасын» да жаңғыртқанын айтқан. Ол бұл процесте грек тілінде пікір білдіргендердің көп болғанын, олардың арасындағы дау-дамайға қызығушылықпен қараған. Алайда жазбаның соңында Есімханов қазақша сөйлейтіндерге және қазақша сөйлеуді сұрайтындарға қатысты екіұшты тіркес қолданған. “Біздің “қазақшасөйлешниктерге” қайдан жетсін (“Куда там нашим казакшасойлешникам”-ред.)” дейді заңгер.

Түсінгеніміздей, қоғамда қазақ тілінде сөйлеуді талап ететіндерді “қазақшасөйлешниктер” деп кекететін болған.