Қарабаевтың қызметінен кеткені туралы ақпаратты Ақорда таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Кәрімжанұлы Қарабаев Қазақстан Республикасының Көлік министрі лауазымынан босатылды, – делінген ақпаратта.
МАРАТ ҚАРАБАЕВ
Марат Қарабаев көлік министрі қызметін 2023 жылғы 2 қыркүйектен бастап атқарды.
2025 жылғы 14 мамыр күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын дамыту мәселелері бойынша Қазақстанның қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізген. Сол жиында Марат Қарабаевқа жұмыстағы кемшіліктері үшін сөгіс жариялаған еді. Сол жиында мемлекет басшысы көлік-логистика саласындағы проблемаларды шешуге қатысты нақты шаралар қабылдауды тапсырған.
Айта кетейік, Марат Қарабаев Үкіметтегі ең жас министр болды.
Ол 1987 жылы 4 шілдеде дүниеге келген.
2010 жылы “Болашақ” бағдарламасы бойынша Уорвик (Ұлыбритания) университетін – “Өндірісті-жүйелік инженерия” мамандығы бойынша үздік аяқтаған, 2015 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін “Экономика” мамандығы бойынша аяқтаған.